Криштиану Роналду жаңа әлемдік рекорд орнатып, тарихты қайта жазды

Футбол
Әл-Наср
40 жастағы «Әл-Наср» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 30 жастан кейін 464 гол соғып, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com дерегіне сүйене отырып.
Жалпы, Роналдудың кәсіби мансабындағы голдарының саны 927-ге жетті (463 голды ол 30 жасқа дейін соққан).
10 наурыз, дүйсенбі күні Криштиану Азия Чемпиондар Лигасының 2024/25 маусымының 1/8 финалында ирандық «Эстегляль» қақпасына пенальтиден гол соғып, командасына 3:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті.
Шабуылшы футбол тарихындағы ең үздік сұрмерген, сонымен қатар ұлттық құрамалар, Еуропа чемпионаты, УЕФА Чемпиондар Лигасы және клубтық әлем чемпионатының ең көп гол соққан ойыншысы болып саналады.