Қазақстан кубогының 1/8 финалының жеребесі тартылды

Футбол
Футболдан 2025 жылғы Қазақстан кубогының 1/8 финалына жеребе тарту рәсімі өтті, деп жазады BasSport.kz.
Негізгі кезеңде Қазақстан премьер-лигасының (ҚПЛ) барлық клубтары мен іріктеу кезеңінің екі жеңімпазы бақ сынайды.
1/8 және 1/4 финал бір кездесуден тұрса, жартылай финалдық ойындар екі матчтан өтеді.
Кубоктың негізгі кезеңі 12-13 сәуірде басталады.
Іріктеу кезеңінің жеребе нәтижесі:
▪️ «Қызылжар» – «Қайсар»
▪️ «Ұлытау» – «Елімай»
1/8 финал жұптары:
▪️ Іріктеу кезеңінің жеңімпазы – «Ордабасы»
▪️ «Қайрат» – Іріктеу кезеңінің жеңімпазы
▪️ «Тұран» – «Атырау»
▪️ «Тобыл» – «Жетісу»
▪️ «Жеңіс» – «Ақтөбе»
▪️ «Оқжетпес» – «Астана»