Freedom QJ League түлектері ұлттық құрама тізімінде

Футбол
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Али Алиев 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу ойындарына шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады.
Тізімге 36 ойыншы еніп, олардың қатарында Freedom QJ League-да өнер көрсеткен екі футболшы бар.
Атап айтқанда, “Қайрат” клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев пен даниялық “Кеге” командасында ойнайтын Дулат Талыспаев шақырту алды.
Дулат бұған дейін “Атырау” сапында жасындай жарқыраса, Дастан алматылық клубтың негізгі құрамына қосылған жас таланттардың бірі.
Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы наурыз айында Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы ойын өткізеді.