Данияр Елеусіновтің жекпе-жегі өтпейтін болды

Бокс
Тұрар Қазанғапов
Олимпиада чемпионының 28 ақпанда Астанадағы бокс кешіндегі басты жекпе-жегі өтпейтін болды, деп жазады BasSport.kz, Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар, турнир картасындағы Қуат Хамитовтің де кездесуі тоқтатылды.
“Өкінішке қарай, Данияр Елеусінов денсаулығына байланысты турнирге қатыса алмайды. Сондай-ақ промоушенге байланысты емес себептерге байланысты Қуат Хамитов пен Мариф Пираев арасындағы жекпе-жек өтпейді”, – делінген All Stars Boxing мәлімдемесінде.
Енді бокс кешінің басты жекпе-жегі Али Ахмедов пен Мацей Сулецки арасында WBC Silver белбеуі үшін өтетін болады.