Олимпиаданы бағындырған өзбек спортшысы екі жылға спорттан шеттетілді

Olympic.uz
Таэквондодан Өзбекстан атынан өнер көрсететін екі дүркін Олимпиада чемпионы Улугбек Рашитов допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін екі жылға дисквалификацияланды, деп хабарлайды Bassport.kz Халықаралық допингке қарсы тестілеу агенттігіне (ITA) сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, Рашитов соңғы бір жыл ішінде үш рет өзінің нақты орналасқан жері туралы жалған ақпарат берген. Бұл әрекет допингке қарсы ережелерді өрескел бұзу болып есептеледі және тест тапсырудан жалтарумен тең.
Спортшының шеттетілу мерзімі 2025 жылдың 13 мамырынан басталып, 2027 жылдың 12 мамырына дейін жалғасады.
Улугбек Рашитов — 68 келіге дейінгі салмақта 2020 және 2024 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, 2022 жылғы Азия ойындарының және Азия чемпионатының жеңімпазы, әлем чемпионатының жүлдегері. Ол Өзбекстан тарихындағы таэквондодан Олимпиада алтынын жеңіп алған жалғыз спортшы ғана емес, сонымен қатар ерлер арасында екі мәрте Олимпиада чемпионы атанған таэквондошы ретінде әлемдік тарихқа енген.