Жәнібек Әлімханұлы WBC чемпионын сынға алды

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпион Жәнібек Әлімханұлы доминикандық боксшы Карлос Адамеске ашық сын айтып, оны келісімшартқа қол қоюға шақырды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Екі боксшының арасындағы текетірес біраз уақыттан бері әлеуметтік желілерде жалғасып келеді. Жәнібек пен Адамес бір-бірін кездесуден қашып жүр деп айыптауда. Дегенмен қос тарап әзірге келіссөздерді нақты нәтижеге жеткізе алған жоқ.
— Біреуің қорқақты көрдіңдер ме? Көрсеңдер, оған келісімшартқа қол қою керектігін айтыңдар! — деп жазды Жәнібек Әлімханұлы өз парақшасында.
Қазіргі таңда Жәнібек WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері болса, Адамес WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанып отыр.
Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 5 сәуір күні Астанада өткізіп, франциялық Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Ал Карлос Адамес 22 ақпанда британдық Хамза Ширазбен тең нәтиже тіркеген.