«Челси» Дастан Сатпаевты жалға бермек. Қай клубқа кетуі мүмкін?

«Челси» Дастан Сатпаевты жалға бермек. Қай клубқа кетуі мүмкін?
Футбол

ҚФФ

Ағылшындық «Челси» жуырда ғана қатарын толықтырған қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевты жалға беруі мүмкін, деп хабарлайды Bassport.kz Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

«Кайраттағы» анонимді дереккөздің мәліметінше, ойыншының екі нұсқасы бар: ол Лондонда қалып, резервтік командада ойнайды немесе «Челсидің» иелеріне тиесілі «Страсбурға» жалға жіберіледі. Бұл оның даму қарқынына байланысты шешіледі.

Айта кетейік, Сатпаевтың «Челсиге» ауысуы туралы «Қайрат» клубы ресми мәлімдеген.