Дастан Сәтпаевтың «Челси» клубындағы жалақысы қанша?

Дастан Сәтпаевтың «Челси» клубындағы жалақысы қанша?
Футбол

Азаттық рухы

Қазақстандық жас талант Дастан Сәтпаев Лондонның «Челси» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бұл келісім қазақстандық футбол тарихындағы ең қымбат трансфер болды. «Қайрат» клубы 16 жастағы ойыншы үшін 4,3 миллион еуро алады.

Қайрат Боранбаевтың айтуынша, Сәтпаевтың жалақысы айына 14 мың фунт стерлингті (шамамен 8 млн 750 мың теңге) құрайды. Оның 12 мың фунты ата-анасының шотына аударылып, 22 жасына дейін сақталады. Келісімшарт бес жылға жасалды және оны тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі бар.

Дастан Сәтпаев 2026 жылдың жазына дейін «Қайрат» сапында қалатыны белгілі болды. Себебі, Англияда кәмелет жасқа толғанға дейін еңбек визасын алу мүмкін емес.