Қазақстан құрамасы Түркияда екі жолдастық матч өткізеді

Қазақстан құрамасы Түркияда екі жолдастық матч өткізеді
Футбол

ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында ұлттық құраманың қарсыластарын жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Али Алиев жаттықтыратын команда алғашқы кездесуін 14 ақпанда Ташкенттің «Локомотивімен» өткізеді. Бұл ойын жабық форматта болмақ.

Екінші кездесу 17 ақпан күні Солтүстік Корея құрамасына қарсы жоспарланған. Кездесу Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл жиынға қосалқы құрамдағы ойыншылармен қатысуда. Ал наурыз айында команда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін бастайды. 22 наурызда сырт алаңда Уэльспен, 25 наурызда Лихтенштейнмен кездеседі.