Елдос Сметов “Жылдың үздік дзюдошысы” атағынан қағылды
СЭ
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 2024 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің үздік спортшыларын анықтады. “Жылдың үздік дзюдошысы” әзербайжандық Хидаят Гейдаровқа бұйырды, деп хабарлайды Bassport.kz.
IJF сарапшыларының шешімімен Гейдаровтың өткен жылғы жетістіктері жоғары бағаланды. Ол 2024 жылы Париж Олимпиадасында топ жарып қана қоймай, әлем және Еуропа чемпионаттарында да алтын медаль иеленді. Осылайша, әзербайжандық спортшы бір жыл ішінде дзюдо әлеміндегі ең беделді үш титулды жеңіп алды.
Гейдаровтың бапкері Рихард Траутман да марапатсыз қалмады. Ол “Ерлер құрамасының үздік жаттықтырушысы” атағын иеленді.
Айта кетейік, бұл марапатқа Қазақстанның мақтанышы Елдос Сметов те үміткер болған еді. 2024 жылы Сметов 60 кг салмақта Олимпиада чемпионы атанып, ел тарихындағы ең үлкен жетістіктердің біріне қол жеткізген. Алайда сарапшылар таңдауы Гейдаровқа түсті.