“Оның бір көзі көрмейді”: Дана Уайт Шара Буллеттың алғашқы жеңілісіне пікір білдірді
Жекпе-жек
Runa sport
UFC президенті Дана Уайт ресейлік файтер Шарабутдин Магомедовтың (лақап аты – Шара Буллет) алғашқы жеңілісіне қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Шара UFC Fight Night 250 турнирінде британдық Майкл Пейджден жеңіліп, карьерасындағы алғашқы сәтсіздігін бастан өткерді.
«Майклдың стилі өте қиын. Егер оған жақындамасаң, екі спортшы бір-біріне қарап тұра береді. Онымен айқасу оңай емес. Және ұмытпаңыздар, Шараның бір көзі көрмейді», – деді Уайт баспасөз мәслихатында.
Үш раундқа созылған жекпе-жекте Майкл Пейдж төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.