“Өкінішті”: Асу Алмабаев: ТОП қарсыласымен жекпе-жек өтпеуі туралы

“Өкінішті”: Асу Алмабаев: ТОП қарсыласымен жекпе-жек өтпеуі туралы
Жекпе-жек

Әлеуметтік желі

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев өзінің Стив Эрцегпен жекпе-жегі неге өтпей қалғаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Спортшының айтуынша, бұл жағдай оған біршама көңілсіздік тудырғанымен, ең бастысы – жекпе-жектің толықтай күшін жоймауы.

“Әрине, мықты қарсыласпен жұдырықтаса алмау аздап өкінішті. Бірақ одан да сорақысы – егер толық жаттығу жиынын өткізіп, мүлде жекпе-жексіз қалсам. Сондықтан бұл да бір тәжірибе. UFC осындай шешім қабылдады – демек, қабылдау керек”, – деді Алмабаев.

Енді ол 1 наурыз күні бразилиялық Аллан Насиментомен күш сынасады.