Александр Бублик Монпелье турнирінен шет қалды

Александр Бублик Монпелье турнирінен шет қалды
Теннис

ҚТФ

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (АТР рейтингінде 39-орын) Францияның Монпелье қаласында өтіп жатқан турнирдің үшінші айналымында жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды BaaSport.kz.

1/4 финалда Бублик әлемдік рейтингте 102-орында тұрған америкалық Александар Ковачевичпен кездесіп, 3:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды.

Бұған дейін қазақстандық теннисші жарыстың екінші айналымында неміс Доминик Копферді (118-орын) турнирден шығарған болатын. Александр Монпелье турниріндегі басты фавориттердің бірі саналды және төртінші нөмірмен турнирге қатысқан еді.

Бұл жеңілістен кейін Бубликтің АТР рейтингіндегі позициясына өзгеріс енуі мүмкін.