Алина Дауранова Италиядағы әлем кубогы кезеңінде алтын жеңіп алды
Басқа
ҰОК
Қазақстандық жас конькиші Алина Дауранова Италияның Коллальбо қаласында өткен конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Дауранова 1000 метрлік жарыста қарсыластарын басып озып, бірінші орын иеленді.
Бұл қашықтықта Италия спортшысы Мэйбрит Вигль күміс жүлдеге ие болса, норвегиялық Инна Накен үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Арина Ильященко төртінші орын алып, жүлдеге сәл ғана жете алмады.