Криштиану Роналду UFC турниріне қатысты
Басқа
Getty Images
«Аль-Наср» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан UFC Fight Night 250 турниріне арнайы қонақ ретінде қатысты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Бұған дейін әйгілі футболшы орта салмақтағы ресейлік файтер Шарабуддин Магомедовпен (Шара Буллет) кездесіп, турнирге келуге уәде берген болатын.
Кештің басты жекпе-жегі – UFC-дің бұрынғы чемпионы Исраэль Адесанья мен дағыстандық тегі бар француз файтері Нассурдин Имавов арасындағы айқас болмақ