Нұралы Әліппен қақтығысқан ойыншы: “Маған уәде беріңіздерші, мен өлмеймін ғой?” (ВИДЕО)
Футбол
Руна спорт
ЦСКА қақпашысы Владислав Тороп “Зенит” қорғаушысы, қазақстандық Нұралы Әліппен болған қақтығыстан кейін ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Мәскеулік ЦСКА баспасөз қызметі 2024 жылы Ресей кубогының “Зенитпен” өткен матчында (0:0, пенальти сериясы 4:5) орын алған оқиғаның видеосын жариялады.
Матчтың 32-минутында Тороп Әліппен қақтығыстан кейін ауыр соққы алды. Қақпашы допты бірінші болып қолмен алып үлгергенімен, Нұралы Әліппен соқтығысып, алаңға құлап түсті. Тороптың беті қанап, ол алаңнан арнайы электрокардың көмегімен шығарылды. Кейіннен дәрігерлер оған ми шайқалуының ауыр түрін анықтаған.
Бүгін ЦСКА Владислав Тороптың жедел жәрдем көлігінде түсірілген алғашқы кадрларын жариялады. Видео барысында қақпашы былай дейді:
“Маусым аяқталды ма? Осы мүмкіндікті пайдаланып, сізге әрқашан айтқым келіп еді, сіздер туралы ешқашан жаман ойлаған емеспін. Маған уәде беріңіздерші, мен өлмеймін ғой?” – деп дәрігерлерге жүгінген.