«Атырау» құрамын жаңа шабуылшымен толықтырды

«Атырау» құрамын жаңа шабуылшымен толықтырды
Футбол

ФК “Қайсар”

«Атырау» 23 жастағы қазақстандық шабуылшы Бақдәулет Зұлфиқаровпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Зұлфиқаров бұған дейін Қазақстанның «Қыран», «Тұран», «Қайсар», «Каспий» клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ ол карьерасының бір бөлігін Беларусь чемпионатында өткізіп, «Энергетик-БГУ» командасының намысын қорғады.

Айта кетейік, өткен маусымда «Атырау» Қазақстан премьер-лигасында жетінші орын алған болатын.