Юлия Путинцева Абу-Дабидегі WTA турнирін сәтсіз бастады

Юлия Путинцева Абу-Дабидегі WTA турнирін сәтсіз бастады
Теннис

KTF

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA сериялы турнирінің алғашқы матчында Маркета Вондроушовадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Чехиялық спортшы екі сетте жеңіске жетті – 6:2, 6:3. 

 Бұған дейін Путинцева жұптық сайыста да жарысты сәтсіздікке ұшыраған еді. Ол Линда Носковамен бірге Елена Остапенко мен Эллен Переске жол берді.

Келесі айналымда Маркета Вондроушова швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.