Фируза Шарипова екі жылдық үзілістен кейін рингке қайта оралатын болды
Бокс
Sport Plus
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова екі жылдық үзілістен кейін рингке оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
— Қазір мен командамен жұмыс істеп жатырмын. Алда болатын жекпе-жектер туралы ерте айтуға болмайды, бірақ дайындық белсенді түрде жүріп жатыр. Мен толық күшпен дайындалып жатырмын. Жақын арада бәрін білетін боласыздар, — деді Шарипова SPORT+ арнасына берген сұхбатында.
Шарипова кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың желтоқсанында өткізді, сол кезле ол Фериче Машориді (Танзания) төрешілер шешіммен жеңген еді. Осыдан кейін ол ММА-ға қызығушылық танытты.