Али Ахмедов АҚШ-та өткен жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірді
Бокс
Әлеуметтік желі
Қазақстандық боксшы Али Ахмедов (22-1, 16 КО) Калифорния штатындағы Коммерс қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ахмедов орта салмақта америкалық Малколм Джонспен (17-4-1, 10 КО) жұдырықтасты. Он раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталып, қазақстандық боксшы жеңіске жетті.
Бұл жеңіс Ахмедов үшін кәсіби мансабындағы 23-ші жеңіс болып тіркелді. Ал Малколм Джонс бесінші рет жеңіліс тапты. Айта кетейік, бұл Али Ахмедовтың қатарынан жетінші жеңісі. Оның кәсіби мансабындағы жалғыз жеңілісі 2020 жылдың желтоқсанында Карлос Гонгорадан (22-3, 17 КО) 12-раундта нокаутпен ұтылған кезде тіркелген болатын.