Стас Покатилов мансабын Әжірбайжанда жалғастырады
Футбол
ФК Ақтөбе
Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов «Сабах» (Баку) клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды BasSport.kz, Sport+ сілтеме жасап.
32 жастағы голкипер бұған дейін де шетелдік чемпионатта ойнаған. 2016 жылы Покатилов Ресейдің «Ростов» клубында өнер көрсетті. Покатилов – оралдық «Ақжайықтың» түлегі. Ол сондай-ақ «Ақтөбе», «Қайрат», «Шахтер» және «Тобыл» командаларының намысын қорғаған.
2024 жылғы маусымда Покатилов Қазақстан чемпионатының үздік қақпашысы атанды. Ол өткізген 23 матчтың 11-інде қақпасына гол жібермеген.
«Сабах» Әзербайжан Премьер-лигасының күміс жүлдегері (2022/23) және қола жүлдегері (2023/24) болып табылады.