Қамшыбек Қоңқабаев спорттық мансабын аяқтады
Бокс
ҰОК
Қазақстанның белгілі боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев спорттық мансабын аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Бұл туралы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов хабарлады.
91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан Қоңқабаев мансабында бірқатар ірі жетістіктерге жетті:
• 🥉 Токио Олимпиадасының қола жүлдегері
• 🥈🥈 Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019)
• 🥈🥈🥈 Азия чемпионатының үш мәрте күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021)