Дамир Исмағұлов пен Мария Агапова америкалық лигамен келісімшартқа отырды
Әлеуметтік желі
Америкалық Global Fight League (GFL) ұйымы екі қазақстандық спортшымен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ұйымның құрамына жеңіл салмақтағы Дамир Исмағұлов (26-3) қосылды. Ол UFC, M-1 Global және Alash Pride лигаларындағы жетістіктерімен танымал. Дамир соңғы жекпе-жегін AMC Fight Nights турнирі аясында кәсіпқой бокс ережелерімен өткізген еді.
Сонымен қатар GFL құрамына UFC-дегі алғашқы қазақстандық қыз, Павлодар тумасы Мария Агапова (10-5) да қосылды. Әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақта өнер көрсететін Агапова UFC аясында алты жекпе-жек өткізіп, оның екеуінде жеңіске жеткен болатын. UFC ұйымынан кеткеннен кейін ол кәсіпқой бокста екі жекпе-жек өткізіп үлгерді.
Айта кетейік, бұған дейін GFL лигасымен тағы бір қазақстандық спортшы Магомед Кабардиев (10-1) келісімшарт жасаған еді.