«Барыс» Асетовпен 2028 жылға дейін келісімшартты ұзартты

«Барыс» Асетовпен 2028 жылға дейін келісімшартты ұзартты
Хоккей

ХК “Барыс”

Астананың «Барыс» клубы команда капитаны Алихан Асетовпен келісімшартты ұзартқанын жариялады,деп хабарлайды BasSport.kz. 

Жаңа келісімшарт 2028 жылдың 31 мамырына дейін жарамды. Ағымдағы маусымда Асетов 31 матч өткізіп, 11 ұпай (2 гол және 9 нәтижелі пас) жинады. Жалпы, ҚХЛ-да хоккейші 293 матч өткізіп, 49 ұпай (20 гол және 29 ассист) жинаған.

Бұған дейін Асетовтың «Барысты» тастап, ҚХЛ-дың басқа клубына ауысуы мүмкін екені хабарланған болатын.