«Гимн кезінде орындарынан тұрмайды». «Барыстың» ҚХЛ-ден шығуы туралы сұрақ туындады

«Гимн кезінде орындарынан тұрмайды». «Барыстың» ҚХЛ-ден шығуы туралы сұрақ туындады
Хоккей

ХК “Барыс”

Шевченко өзінің Telegram-арнасында ҚХЛ аясында өткен «Барыс» пен «Трактор» арасындағы ойынның (3:5) нәтижесін талдап, пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.  

«Болжамым — 1:5. Неліктен сәйкес келмеді? Барлығы мен жоспарлағандай болды (шабуылшыларға сендім), бірақ қорғаушылар көңілімнен шықпады. Жарайды, бұл жолы кешіреміз. Бенуа Гру ойынның соңына қапаланды, бірақ челябіліктердің „Барыстың“ қорғанысын оп-оңай бұзып өткеніне тәнті болдым. Алда „Автомобилист“ пен „Ак Барс“ ойындары тұр. Бұл қызық болады. Астанадағы атмосфера — өкінішті. 3946 көрермен, гимн кезінде орындарынан тұрмайды. Мүмкін, расында да қазақстандық хоккейдің бұл лигадағы жобасын аяқтау керек шығар?», — деп жазды сарапшы.