Дамир Ысмағұлов бокстағы дебютін нокдаунмен бастады

Дамир Ысмағұлов бокстағы дебютін нокдаунмен бастады
Бокс

Әлеуметтік желі

UFC-дің бұрынғы өкілі Дамир Ысмағұлов кәсіпқой бокстағы дебютін өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

 1bol.kz мәліметінше, Ресейдің қазағы Астанада өтіп жатқан Fight Nights Global турнирінде жекпе-жекке шықты.  

 Дамир алғашқы айқасын ММА шебері бразилиялық Фелипе Майюге (ММА-дегі көрсеткіші 15-10) қарсы өткізді. Фелипе үшін де бұл кәсіпқой бокстағы бірінші айқасы. Төрт раундқа есептелген жекпе-жекте Ысмағұлов бразилиялықты төртінші раундта нокдаунға жіберіп, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске қол жеткізді.  

 Сонымен қатар, аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов та кәсіпқой бокстағы дебютін жеңіспен бастады.