Қазақстанда ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді

Қазақстанда ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді
Басқа

wfrk.kz

2025 жылы Қазақстанда ауыр атлетикадан жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бұл туралы Дохада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионатында белгілі болды. Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Гаджиев Халықаралық және Азия ауыр атлетика федерацияларының басшылығымен бірнеше жұмыс кездесуін өткізіп, спортты дамыту және ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында 2025 жылы жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданғанын федерация мәлімдеді.