Садриддин Ахмедов жеңісінен кейін дисквалификацияға ұшырады

Садриддин Ахмедов жеңісінен кейін дисквалификацияға ұшырады
Бокс

Getty Images

Калифорния штатының Атлетикалық комиссиясы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовты (15-0, 13 КО) жекпе-жектер мен спаррингтерден уақытша шеттетті, деп хабарлайды Bassport.kz.  

Ахмедов АҚШ-тағы Рафаэль Игбоквеге (17-6, 7 КО) қарсы кездесуде жетінші раундта нокаутпен жеңіске жеткеніне қарамастан, жекпе-жек барысында өзі де соққы алды. Осыған байланысты комиссия Ахмедовты 2025 жылдың 11 ақпанына дейін, ал оның қарсыласын 27 қаңтарға дейін уақытша дисквалификациялады. Бұл медициналық шара спортшылардың ауыр кездесуден кейін толыққанды қалпына келуіне бағытталған.  

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов 2024 жылы екі жекпе-жек өткізді. Бұған дейін, тамыз айында, ол америкалық Антонио Тоддпен (17-12, 9 КО) кездесіп, оны бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.