“Барыс” ҚХЛ-дегі кезекті матчында жеңіліске ұшырады

Хоккей
ХК «Барыс»
Елорда командасы Қытайдың “Куньлунь Ред Стар” клубына қарсы ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында сырт алаңда ойын өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ойын 2:0 есебімен “Куньлуньнің” жеңісімен аяқталды. Жеңімпаз команда сапында голдарды Мартен Лефевр мен Паркер Фу соқты.
Осы нәтиже бойынша “Барыстың” қоржынында 38 ойыннан кейін 23 ұпай бар, ал “Куньлунь Ред Стар” 32 ұпай жинап отыр.
Кезекті сырт алаңдағы матчын қазақстандық клуб 21 желтоқсанда челябиндік “Тракторға” қарсы өткізеді.