«Челси» Алматыға келіп, «Астанаға» қарсы ойынға құрамын жариялады

Футбол
ФК “Астана”
Лондонның «Челси» командасы Конференция лигасының топтық кезеңіндегі «Астанаға» қарсы матч үшін Алматыға келді, деп хабарлайды Bassport.kz.
— «Алматыға сәтті қондық», — деп жазды ағылшын клубының әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ойынның тікелей трансляциясы бүгін сағат 20:20-де «Qazsport» телеарнасында көрсетіледі.
«Челси» құрамасы:
Қақпашылар: Филип Йоргенсен, Лукас Бергстрём, Макс Меррик;
Қорғаушылар: Аксель Дисаси, Тосин Адарабиойо, Ренату Вейга, Харрисон Мюррей-Кэмпбелл, Ричард Олисе, Джош Ачимпонг, Кайден Уилсон;
Жартылай қорғаушылар: Кирнан Дьюзбери-Холл, Сэмьюэл Рак-Саки, Харви Вейл, Киано Дайер, Карни Чуквуэмека;
Шабуылшылар: Педру Нету, Тайрик Джордж, Ато Ампа, Шумайра Мхеука, Марк Гиу.