Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында қола медаль үшін таласады

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында қола медаль үшін таласады
Басқа

ҰОК

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль үшін ойнайды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Біздің спортшылар турнирдің жартылай финалына дейін жетті. Алайда бұл кезеңде қазақстандықтар Жапония құрамасына 23:30 есебімен есе жіберді.

Енді Қазақстан құрамасы қола медаль үшін күреседі. Бұл жүлдеге жартылай финалда Оңтүстік Кореядан жеңілген Иран да үміткер ретінде саналады. Айта кетейік, матч 10 желтоқсанда өтеді.