Қазақ футболшыларының трансферлік құны арзандады
Футбол
sports.kz
Қазақстан құрамасының ойыншылары, Түркия клубтарында ойнайтын Абат Айымбетов («Адана Демирспор») пен Бахтиёр Зайнутдинов («Бешікташ»), трансферлік құнын жоғалтты, деп хабарлайды BasSport.kz 1bol-ға сілтеме жасап.
Transfermarkt порталының хабарлауынша, олардың трансферлік бағасы төмендеген. Мысалы, Ыстамбұлдың «Бешікташ» клубының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдиновтың құны 300 мың еуроға (161,5 миллион теңге) азайып, 3,7 миллион еуроға (1,99 миллиард теңге) жетті.
«Адана Демирспор» клубының шабуылшысы Абат Айымбетовтің де трансферлік құны төмендеген. Қазіргі уақытта оның бағасы 500 мың еуро (269,2 миллион теңге), бұл алдыңғы көрсеткіштен 100 мың еуроға (53,8 миллион теңге) аз.