Станислав Черчесов Ақтаудағы ұшақ апатынан қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты
Басқа
Әлеуметтік желі
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ақтаудағы ұшақ апатынан қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды BasSport.kz 1bol-ға сілтеме жасап.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған жолаушылар ұшағы Ақтау маңында – Каспий жағалауында апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында барлығы 69 адам болған, олардың бесеуі экипаж мүшесі. Жолаушылардың көбі – Ресей азаматтары.
Сондай-ақ, Әзірбайжан, Қырғызстан және Қазақстан (6 адам) азаматтары да бар. 29 адам тірі және ауруханаға жеткізілді. Оның 11-і ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
«Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағының қайтыс болған жолаушыларының туыстарына көңіл айтамын. Бұл Ресей, Қазақстан және Әзірбайжанның ортақ қайғысы», - деп жазды Черчесов өзінің Instagram-парақшасында.
Қазіргі таңда апаттан тірі қалғандардыңтізімі жарияланды. Олардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ.