Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды
Басқа

Әлеуметтік желі

Қатардың астанасы Дохада өткен ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте (жастар арасында) алғаш рет Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Ерлер мен әйелдер арасындағы жүлделерді қоса есептегенде, қазақстандық спортшылар 12 алтын, 9 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды. Бұл ел құрамасының тарихи жетістігі болып табылады.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орын алса, үздік үштікке Өзбекстан мен Вьетнам құрамалары кірді.