Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновты жекпе-жек алдында мазақ етті

Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновты жекпе-жек алдында мазақ етті
Жекпе-жек

Sports.kz

Ирландиялық файтер Иэн Гэрри 8 желтоқсан күні өтетін жекпе-жек қарсаңында қазақстандық Шавкат Рахмоновты мазақ етті.

5 желтоқсанда өткен face to face рәсімі барысында екі спортшы журналистермен кездесіп, сұрақтарға жауап берген болатын.

Гэрри осы рәсімнен түскен суретті Instagram-парақшасында жариялап, Шавкаттың сырт келбетіне қатысты пікір білдірді.

“Мынадай үлкен басқа соққыны оңай тигізуге болады,” – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Рахмонов пен Гэрридің жекпе-жегі Астана уақытымен таңғы 8:00-де басталады.