Чемпиондар лигасы: Екі пенальти қайтарған Анарбеков «Қайратты» келесі кезеңге алып шықты

Чемпиондар лигасы: Екі пенальти қайтарған Анарбеков «Қайратты» келесі кезеңге алып шықты
Футбол

Sports.kz

Алматылық «Қайрат» командасы пенальти сериясында 6:5 есебімен «Омониядан» басым түсіп, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Кипрдегі алғашқы ойында 1:0 есебімен есе жіберген алаң иелері матчтың 37-минутында бразилиялық шабуылшы Эдмилсонның арқасында есеп ашып, жалпы таразы басын теңестірді.

Овертаймда қос ойыншысы алаңнан қуылған «Омония» қорғанысқа көшкенімен, «Қайрат» қақпашы Фабиану тосқауылын бұзып-жара алмады. Футбол лотереясында алматылықтардың қақпашысы Темірлан Анарбеков қарсыластың екі соққысын қайтарып, командаға жеңіс сыйлады.

Үшінші іріктеу раундында Рафаэль Уразбахтин футболшылары «Левски» (Болгария) – «Университатеа Крайова» (Румыния) жұбының жеңімпазымен кездеседі.