Үстел теннисі: Қазақстан құрамасы Ташкентте 7 медаль алды
Теннис
ҰОК
Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен WTT Youth Contender Tashkent II халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Дүбірлі додаға 22 елдің спортшылары қатысты. Қазақстандық спортшылар түрлі жас санаттарында жеті медаль жеңіп алды. Алтын жүлдені Алан Құрманғалиев (U19) пен Жәния Бекмұхамбетова (U13) иеленді. Назерке Болатбек (U11) күміс жүлдегер атанды.
Ал Дағир Данияров, Нұржан Бақдәулет, Медина Амандық және Нұрай Жанаева U11 жас санатында қола жүлдеге қол жеткізді.