Қазақстандық шпагашылар 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына өту үшін бақ сынайды

Қазақстандық шпагашылар 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына өту үшін бақ сынайды

olympic.kz

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Гонконгта өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Командалық сайыстың ширек финалында қазақстандық шпагашылар Дания құрамасымен кездесіп, 45:36 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті. Отандастарымыз алғашқы кезеңнен бастап басымдықты өз қолдарына алып, матч соңына дейін сол артықшылықты сақтап қалды. Енді жартылай финалда Қазақстан құрамасы Ресей мен Мысыр құрамалары арасындағы кездесудің жеңімпазымен сынға түседі.

Айта кетейік, әлем чемпионатында Қазақстан намысын Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Кирилл Проходов қорғап жатыр.