Азия чемпионаты-2024: Қазақстан құрамасының бес боксшысы ширек финалдық жекпе-жектерін өткізді
ҚБФ
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының бесінші күні Қазақстан құрамасының бес өкілі рингке шықты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ерлер арасындағы жекпе-жектер:
Дулат Бекбауов (67 кг) үшінші раундта малайзиялық Айман Мұхаммед Арифті нокаутқа жіберіп, жартылай финалға өтті.
Абылайхан Жүсіпов (71 кг) туркменстандық Байрамдурды Нұрмұхаммедовпен кездесуінде нокдаунмен аяқталған сенімді жеңіске жетті (5:0).
Диас Молжігітов (75 кг) жекпе-жекке шықпай-ақ жартылай финалға жолдама алды, себебі жапондық қарсыласы Даиго Сунага жарыстан бас тартты.
Әйелдер арасындағы жекпе-жектер:
Айгерім Сатыбаева (48 кг) филиппиндік Офелия Магноны бейнеқайталаудан кейінгі төрешілердің шешімімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Сымбат Алиасқар (54 кг) Қытай боксшысы Вэньцянь Сюге ұпай санымен есе жіберді (0:5).
Естеріңізге сала кетейік, жарыс 2024 жылдың 10 желтоқсанына дейін жалғасады.