Демеу Жадыраевтың жеке бапкері: “Ол қарсыластарын аяп, алтынды бере салады”
Күрес
Видеодан кадр
Грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Олимпиада жүлдегері Демеу Жадыраевтың жеке бапкері Боранбек Қоңыратов Демеудің мінезі туралы Ақырыс Сейітқазыға берген сұхбатында айтып берді.
“Алтынды алмайтын өзі ғой деймін. Өйткені, қандай жарыс болсын үнемі 2-орын алады. Ұтып тұрған жерден ала алмай қалады. Қарсыластарын аяйды, ал бойында “мен екінші жүрейінші” деген қасиет бар. Бірақ, спортта мұндай қасиетке орын жоқ”,- деді Боранбек Қоңыратов.
Еске сала кетейік, Демеу Жадыраев 2024 жылғы Париж Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болды, бұл оның мансабындағы ең ірі жетістіктердің бірі.