“Барыс” қатарынан алтыншы рет жеңіліс тапты

“Барыс” қатарынан алтыншы рет жеңіліс тапты
Хоккей

ХК “Барыс

Астанадағы “Барыс-Арена” стадионында Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында “Барыс” пен “Спартак” командалары кездесіп, қызыл-ақ түсті мәскеулік ұжым 4:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ойынның шешуші сәті екінші кезеңнің 12 минуты болды. Бұл аралықта “Спартак” хоккейшілері қатарынан үш шайба соғып, есепте алға шықты. Гол авторлары – Адам Ружичка, Ансель Галимов және Александр Беляев. 

 Үшінші кезеңнің ортасында “Барыс” бір жарым минуттың ішінде екі шайба соғып, есеп айырмасын қысқартты. Антон Бурдасов пен Алихан Өмірбеков көзге түсті. Алайда, алаң иелеріне есепті теңестіру бұйырмады. Кездесудің соңында “Барыстың” бос қақпасына шайбаны Даниил Орлов соғып, ойын тағдырын шешті. 

 Осылайша, “Барыс” ҚХЛ аясындағы қатарынан алтыншы жеңілісіне ұшырады.