Бес баланың анасы бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Бес баланың анасы бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды
Бокс

ҚБФ

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Айгерім Саттыбаева алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Саттыбаева ширек финалда филиппиндік Офелия Маньеумен кездесті. Үш раундтан кейін төрешілер бейнеқайталауды қарап, бір ауыздан шешім шығаруының нәтижесінде жеңіс Айгерімге берілді. Осылайша, қазақстандық боксшы жартылай финалға өтіп, медаль үшін күресін жалғастырады.

Айта кетейік, Айгерім Саттыбаева – Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және 2010 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Ол 2023 жылы ұзақ үзілістен кейін үлкен спортқа қайта оралды. Сонымен қатар, Айгерім – бес баланың анасы және танымал боксшы Олжас Саттыбаевтың жары.