Сержан Сапарғалиев: “Мен әр жеңілістен кейін спортты тастағым келеді”
Қазақстандық ММА жауынгері Сержан Сапарғалиев Bassport.kz порталына берген сұхбатында жеңілістің спортшы өміріндегі ең ауыр сәт екенін айтты.
Сержан Сапарғалиев кәсіби ММА мансабын 2019 жылы бастады. Алғашқы жекпе-жегінде Octagon Selection 7 турнирінде жеңіске жетіп, спорттық жолын сенімді қадаммен бастады.
“Спортта ең ауыр нәрсе не?” деген сұраққа жауынгер:
“Жеңіліс адамға ең ауыры. Мысалы, менде қаншама жеңіліс бар, әр жеңілістен кейін спортты тастағым келеді. Бірақ 1-2 аптадан кейін қайта ораламын. Ең бастысы - сынбау”, – деп жауап берді.
Айта кетейік, Сержан мансабы барысында Bushido Qazaqstan, Brave және Naiza ұйымдарында жекпе-жек өткізіп үлгерген. Қазіргі таңда ол Octagon ұйымында өнер көрсетіп жүр.
Бұл материалды дайындау барысында автор Сержан Сапарғалиевті кездейсоқ таңдамағанын атап өтті. Ол Сержанмен бір ауданнан шыққан, жауынгердің ММА-дағы мансабын ұзақ уақыттан бері бақылап келген және оның ерекше жекпе-жектері мен қайсар мінезі шабыт берген. Осы материал арқылы спортшының жеңісі мен жеңілістерінің артында қандай еңбек жатқанын көрсету көзделді.
“Мен тек спортшыны емес, спорттан тыс адамды көрсеткім келді”,- деді видео авторы Айбек Әміртегі.
Толық сұхбатты Bassport TV YouTube арнасынан көре аласыз.