“Қайрат” пен “Семей” Чемпиондар лигасының элиталық раундтың екінші турында қалай өнер көрсетті
ФК “Семей”
Қазақстандық футзал клубтары Еуропа төрінде жеңіске жетуді жалғастыруда. “Қайрат” пен “Семей” Чемпиондар Лигасының элиталық раундында кезекті маңызды жеңістерге қол жеткізді.
Алматының “Қайраты” футзалдан Чемпиондар Лигасының элиталық раундының екінші турында хорватиялық “Олмиссумды” 1:0 есебімен жеңді. Ойындағы жалғыз голды 26-минутта Эдсон Сантос соқты.
“Қайрат” В тобында “Динамо”, “Олмиссум” және “Этуаль” командаларымен бір топта ойнап жатыр. Тек топ жеңімпазы “Төрттік финалына” жолдама алады.
Бұған дейін “Қайрат” “Этуаль” командасын 4:2 есебімен жеңіп, 6 ұпаймен топ көшін бастап келеді.
“Семей” екінші турда Польшаның “Бельско-Бяля” командасын 5:0 есебімен ойсырата жеңді. “Семей” сапында Дедезиньо покер авторы атанса, тағы бір голды Габриэль Кандидо соқты.
Бірінші турда “Семей” испандық “Пальмаға” 1:4 есебімен жол берген болатын.
Айта кетейік, “Семей” D тобында “Пальма Футзал”, “Бельско-Бяля” және “Лученец” клубтарымен бірге ойнап жатыр. Тек топ жеңімпазы “Төрттік финалына” жолдама алады.
“Семей” үшін бұл Чемпиондар Лигасы тарихтағы алғашқы турнир болып табылады. 2023 жылы құрылған клуб дебюттік маусымында Қазақстан чемпионы атанған.