Конор МакГрегор сексуалдық зорлық ісі бойынша кінәлі деп танылды

Конор МакГрегор сексуалдық зорлық ісі бойынша кінәлі деп танылды
Басқа

Niall Carson

UFC-дің экс-чемпионы Конор МакГрегор 2018 жылдың желтоқсанында Дублинде орын алған сексуалдық зорлық әрекеті бойынша азаматтық іс аясында Ирландияның Жоғарғы сотында кінәлі деп танылды.

Сот шешімі бойынша МакГрегор моральдық зиян үшін жәбірленушіге 250 мың еуро көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.

Еске салсақ, Конор МакГрегорға 2018 жылдың желтоқсанда досы Джеймс Лоуренспен бірге Никита Ни Лаймхин есімді танысын зорлады деген айып тағылған болатын. МакГрегор жыныстық қатынас болғанын жоққа шығармағанымен, оның екі жақтың келісімімен болғанын алға тартты. Сот тыңдалымдары кезінде ол сол күні есірткі қолданғанын да мойындады.