Қазақстан спортшысы үшін ескі әнұран қойған жапондықтар кешірім сұрады

Қазақстан спортшысы үшін ескі әнұран қойған жапондықтар кешірім сұрады
Басқа

Әлеуметтік желі

Хатинохе (Жапония) қаласында конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатының соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Ерлер арасындағы масс-старт сайысында отандасымыз Виталий Щиголев мәреге бірінші жетіп, чемпион атанды. 

 Алайда марапаттау рәсімі кезінде Қазақстанның қазіргі емес, ескі әнұраны қойылған. Бұл оқиғаға байланысты Жапонияның конькишілер федерациясы қазақстандықтардан ресми түрде кешірім сұрады. 

 Қазақстан конькишілер одағының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл жағдайға орай ISU (Халықаралық конькимен жүгіру одағы) мен жарысты ұйымдастыру комитетіне хат жолданып, түсініктеме талап етілген.