Ертең таеквондодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз бастауын алады
Спортты дамыту дирекциясы
Алматы облысының Шамалған ауылындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінде 19-21 қараша аралығында WT таеквондодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бәсекенің бағдарламасы мынадай:
19 қараша:
Ерлер: -58 кг, -74 кг, -80 кг;
Әйелдер: -46 кг, -62 кг, -73 кг;
20 қараша:
Ерлер: -54 кг, -68 кг, +87 кг;
Әйелдер: -49 кг, -67 кг;
21 қараша:
Ерлер: -63 кг, -87 кг;
Әйелдер: -53 кг, -57 кг, +73 кг;
Чемпионат нәтижесіне байланысты келесі жылғы Ұлттық құрама жасақталады.
Осы тұста Қазақстан таеквондо федерациясы бәсекеде жұмыс істеу үшін шет елдерден төрешілер шақырған. Бұл қатарда Ресейден 7, Өзбекстаннан 4, Тәжікстаннан 3, Моңғолиядан 1 маман шақырту алғаны белгілі болды. Ал Қазақстан чемпионатында қазылық ететін отандық төрешілер саны 11.