Туниске Олимпиада алтынын алып берген бапкер Қазақстан құрамасына келуі мүмкін

Туниске Олимпиада алтынын алып берген бапкер Қазақстан құрамасына келуі мүмкін
Басқа

Getty Images

Париж Олимпиадасында Тунис еліне таэквондодан алтын медаль алуға тікелей атсалысқан қазақстандық бапкер Есбол Сұлтанов ұлттық құрамаға келуі мүмкін, деп хабарлайды Bassport.kz 1bol.kz сілтеме жасап.

Есбол Сұлтанов 2023 жылдан бері Тунис таэквондошыларын жаттықтырады. Париж Олимпиадасында оның шәкірттері бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алған болатын.

Бұл – Тунис үшін тарихи жүлде. Осы оқиғадан кейін Есбол Сұлтанов Қазақстанда бапкер болғысы келетінін жасырған жоқ. Енді күні кеше ол ұлттық құрамаға бас бапкер болуға өз кандидатурасын ұсынды. Нақты шешімді федерация басшылары қабылдайды.

Париж Олимпиадасанынан кейін Есбол Сұлтановтың Тунистегі келісімшарты аяқталып, ол елге оралған болатын.