Назым Қызайбай Димаш Құдайбергенмен хат жазысып тұратынын айтты

Назым Қызайбай Димаш Құдайбергенмен хат жазысып тұратынын айтты
Басқа

Qaz365

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы Назым Қызайбай жақында тележүргізуші Динара Сәтжанның «Late night show with Dinara Satzhan» бағдарламасының қонағы болды. Әңгіме барысында спортшы қыз танымал әнші Димаш Құдайбергенмен сөйлесіп тұратынын айтқан болатын.  

Назымның айтуынша, екеуі Instagram арқылы байланыста.

«Димаш екеуіміз бір-бірімізге жазылғанбыз. Ол менің жарыстарда жеңіске жеткенімді көріп, құттықтап тұрады. Мен де оның Stories-теріне анда-санда жауап беремін», – дейді боксшы.

Бағдарламада тележүргізуші фотошоппен жасалған Димаш пен Назымның бірге тұрған суретін көрсеткенде, спортшы қалжыңдап:

«Ооо, әдемі жарасады екенбіз, иә?» – деп күлді.

Сонымен қатар, Назым 2017 жылы қысқы Универсиада кезінде Димашпен бетпе-бет кездескенін айтып өтті.

«Димаштың менен бір жас кіші екені қорқынышты емес. Тіпті, одан да кіші балалар жазып жатады», – деп сөзін түйіндеді Қызайбай.

Боксшының бұл әңгімесі жанкүйерлер арасында қызу талқылануда.