«Қайрат» футбол клубы бас бапкерімен келісімшартын ұзартты

«Қайрат» футбол клубы бас бапкерімен келісімшартын ұзартты
Футбол

ФК “Қайрат”

Алматылық «Қайрат» 46 жастағы қазақстандық маман Рафаэль Уразбахтинмен келісімшартты ұзарту туралы жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 «Қайрат» футбол клубы бас бапкер Рафаэль Уразбахтинмен келісімшартты 2027 жылғы маусымның соңына дейін ұзартты. Оның басшылығымен команда 6 рет жеңіске жетті, 1 матчты тең аяқтады және Премьер-лиганың 8 ойынында бір рет қана жеңіліске ұшырады. Маусым қорытындысы бойынша

«Қайрат» еліміздің ең мықты клубының мәртебесін растап, Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл жетістік үйлесімді жұмыс, бапкерлер штабының кәсібилігі мен команданың бірлігінің нәтижесі болды», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.